Accessibility links

Қытайда екі монах өздерін өртеді


Непалда өткен Қытай саясатына қарсы шеруде сөйлеп тұрған тибеттік монах. Катманду, 10 наурыз 2010 жыл.

Непалда өткен Қытай саясатына қарсы шеруде сөйлеп тұрған тибеттік монах. Катманду, 10 наурыз 2010 жыл.

Қытайдың Тибет автономиялы ауданының астанасы Лхасада екі будда монахы Пекиннің Тибетке қатысты саясатына қарсылық танытып, өзін-өзі өртеді.

Free Asia радиосы дүйсенбі күні монахтардың атақты Джоканг монастрінде өздерін өртегенін хабарлады. Лхасаға келген туристердің көбі осы монастырьге де кіреді.

Монахтар өздерін өртей бастаған соң полиция өртті сөндіріп, олардың денесін алып кеткен. Хабарға қарағанда, жағдайлары ауыр. Қайтыс болып кетулері де мүмкін.

Қытайда 2009 жылдан бері 30-дан астам монах ел үкіметінің Тибетке байланысты саясатына қарсылық ретінде өздерін өртеді. Олардың 23-і қайтыс болды.
XS
SM
MD
LG