Accessibility links

Бахрейнде 8 адам "Иранмен сөз байласты" деп сотталды


Мухаррак қаласында сотталған оппозиция жетекшілерінің көшеде ілініп тұрған суреті. Бахрейн, 8 мамыр 2011 жыл.
Мухаррак қаласында сотталған оппозиция жетекшілерінің көшеде ілініп тұрған суреті. Бахрейн, 8 мамыр 2011 жыл.
Бахрейн соты сегіз адамды Иран тыңшыларымен билікті құлатуға сөз байласты деген айыппен 15 жылға дейін бас бостандығынан айырды.

Сегіз адамның үшеуі сырттай сотталды. Олардың арасында 2011 жылы Манамадағы оппозиция шеруіне қатысы бар деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылған Хамман Мушейманың ұлы да бар.

Бахрейн прокурорлары елдегі оппозицияны Иран қолдап, көмек беріп отыр деп санайды.

Бахрейн мен Сауд Арабиясы бастаған Парсы шығанағы елдері Ираннан "ішкі істеріне араласуды тоқтатуды" талап еткен мәлімдеме жасады.
XS
SM
MD
LG