Accessibility links

Ахмединажадты сынаушы Иран парламентіне спикерлікке сайланды


Иран парламентінің спикері Әли Лариджани.

Иран парламентінің спикері Әли Лариджани.

Иран президенті Махмұд Ахмединежадтың саясатын сынайтын консерватор Әли Лариджани парламент спикері болып қайта сайланды деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

Парламенттегі дауыс беру кезінде оның кандидатурасын қолдап 173 адам дауыс берген. Оның қарсыласы, тағы бір консерватор Ғұлам Әли Хаддадты 100 депутат қана қолдаған.

Парламентті 2008 жылдан басқарып келе жатқан Әли Лариджани Ахмединежадтың көбінесе экономикалық саясатын сынап жүреді. Оның бастамасымен депутаттар наурызда Ахмединежадты парламентке бірқатар өзекті мәселеге орай есеп беруге шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG