Accessibility links

Ақтауда полицейлер сотының үкімі шықты


Сот залында отырған айыпталушы полиция қызметкерлері. Ақтау, 28 мамыр 2012 жыл.

Сот залында отырған айыпталушы полиция қызметкерлері. Ақтау, 28 мамыр 2012 жыл.

Ақтауда өтіп жатқан полицейлер сотында дүйсенбі күні түстен кейін сот төрайымы Гүлмаржан Әділсұлтани бес полицейге шыққан үкімді оқыды.

Сотқа қатысып жатқан блогшы Дина Байділдаеваның Twitter-дегі жазбаларына қарағанда, судья Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті (ІІД) бастығының орынбасары Қабдығали Өтеғалиевті 7 жыл, полицияның аға лейтенанты Ринат Жолдыбаевты 6 жыл, полиция майоры Ерлан Бақытқалиұлын 6 жыл, полиция подполковнигі Бекжан Бағдабаевты 6 жыл, полиция капитаны Нұрлан Есбергеновті 5 жылға бас бостандығынан айырған.

Сотта айыпталушы бес полицейге «адам өліміне душар еткен қару-жарақ қолданып, лауазымдық өкілеттіктерін асыра қолданды» (қылмыстық кодекстің 308-бап 4-бөлім «Б» пункті) деген айып тағылған болатын.
XS
SM
MD
LG