Accessibility links

Ресей премьері Дмитрий Медведев Қазақстанға келді


Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Қазақстанға ресми сапармен келді.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Медведевті мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев күтіп алған.

Сапар барысында Дмитрий Медведев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездеспек.

Бұған дейін, мамырдың ортасында Мәскеуге Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымының жиынына барған Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинді Қазақстанға келіп кетуге шақырып, Путин оны қабыл алған.
XS
SM
MD
LG