Accessibility links

Египетте Ахмед Шафиқтың сайлауалды штабы өртенді


Египет президенттігіне үміткер бұрынғы премьер-министр Ахмед Шафиқ.
Египет президенттігіне үміткер бұрынғы премьер-министр Ахмед Шафиқ.
Каирде наразы топ Египет президенттігіне үміткер Ахмед Шафиқтың сайлауалды штабына басып кіріп, ғимаратты өртеді. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Шабуыл орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алғашқы кезеңінің ресми нәтижелерін жариялағаннан бірнеше сағаттан кейін болған. Сайлау комиссиясы екінші кезеңге "Мұсылман бауырлар" партиясының үміткері Мұхаммед Мурси мен Ахмед Шафиқтың өткенін хабарлаған еді.

Дүйсенбіде мыңдаған адам Каир мен Александрия қалаларында көшеге шығып, Хосни Мүбәрәктің (Египеттің биліктен қуылған бұрынғы президенті - ред.) тұсында соңғы премьер-министр болған Ахмед Шафиқтың кандидатурасына наразылық танытқан. Көптеген египеттіктер "егер Шафиқ билікке келсе, елде 2011 жылы ақпанда құлатылған Хосни Мүбәрәктің бұрынғы режимі қайта орнайды" деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG