Accessibility links

"Қазақалтын" кеншілері жалақыны өсіруді талап етті


Жалақыны өсіру талабымен ереуілге шыққан "Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары. Жезқазған, Анненский кеніші, 6 мамыр 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Жалақыны өсіру талабымен ереуілге шыққан "Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары. Жезқазған, Анненский кеніші, 6 мамыр 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Сейсенбіде Ақмола облысына қарасты Бестөбе ауылында «Қазақалтын» тау-кен металлургиялық концернінің бірнеше шахтасының кеншілері жалақыны өсіруді талап етіп, Степногор қаласында басшылықпен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Азаттық тілшісіне компанияның кәсіподақ төрағасы Веньямин Степанов хабарлады.

Қалалық мәдениет үйінде өткен жиынға кеншілер, компанияның өндіріс жөніндегі директорының орынбасары және қала әкімі Андрей Никишов қатысқан. Степановтың айтуынша, жиында әр шахтадағы кеншілер өкілдерінен құралған бастамашыл топ сәрсенбі күні компания басшылығымен жалақы мәселесіне қатысты қайта кездеспек болып тарқасқан.

«Қазақалтын» компаниясының жұмысшылары 17 мамырдан бастап жалақыны көтеруді талап етіп келеді.
XS
SM
MD
LG