Accessibility links

Түркияда тағы 6 генерал тұтқындалды


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған (сол жақта) Қарулы күштер бас штабының бастығы Илкер Басбукпен сөйлесіп тұр. Анкара, 28 ақпан 2010 жыл. (Көрнекі сурет).

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған (сол жақта) Қарулы күштер бас штабының бастығы Илкер Басбукпен сөйлесіп тұр. Анкара, 28 ақпан 2010 жыл. (Көрнекі сурет).

Түркияда сот шешімімен отставкадағы алты генерал "1997 жылы сол кездегі премьер-министр, исламшыл Нежметдин Ербаканды биліктен тайдыруға қатысты" деген айыппен қамауға алынды.

Түркияның қазіргі билігі ол оқиғаны мемлекеттік төңкеріс деп бағалайды.

Қамалған адамдардың арасында Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы бас хатшысы Илхан Кылыч, әскери әуе күштері және құрлықтағы әскери күштердің бұрынғы бас қолбасшылары бар.

Бұған дейін осы оқиғаға қатысты отставкадағы және қазір билікте отырған он шақты офицер мен генерал тұтқындалған.
XS
SM
MD
LG