Accessibility links

9 мемлекет Сирия дипломаттарын елден шығарды


Франция президенті Франсуа Олланд.
Франция президенті Франсуа Олланд.
АҚШ, Франция, Швейцария, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия және Австралия бейбіт тұрғындардың қырғынға ұшырауына наразылық ретінде сириялық дипломаттарды елден шығарды. Ресей бұл дипломатиялық наразылыққа қосылудан бас тартты.

Франция президенті Франсуа Олланд Хулада 108 адам опат болған қырғынға орай жасаған мәлімдемесінде "Егер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мақұлдаса, Сириядағы жағдайды реттеуге халықаралық күштер әскер кіргізуі мүмкін" дегенді де айтты.

Ал АҚШ мемлекеттік департаменті бейбіт тұрғындардың қаза табуына Сирия билігі жауапты деген мәлімдеме таратты. Бірақ Башар әл-Асад режимі оқиғаға сүнниттік оппозиция жетекшілерін айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG