Accessibility links

АҚШ-та Бостандық медалі табысталды


АҚШ-тың Бостандық наградасына ие болған музыкант Боб Дилан.

АҚШ-тың Бостандық наградасына ие болған музыкант Боб Дилан.

АҚШ президенті Барак Обама сейсенбіде Ақ Үйде бірқатар танымал саясаткерлер мен мәдениет қайраткерлерін елдің ең жоғарғы азаматтық медалі - "Бостандық" медалімен марапаттады.

Награда алғандардың арасында музыкант Боб Дилан, Израиль президенті Шимон Перес, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт бар.

"Бостандық" медалі қоғамның дамуына, АҚШ-тың қауіпсіздігі мен азаматтарының мүддесін қорғауға және әлемде бейбітшілікті сақтауға қосқан үлесі үшін беріледі.

Боб Диланның көптеген танымал шығармалары, мысалы Blowin In the Wind композициясы 1960 жылдары соғысқа қарсы әнұранға және көптеген қоғамдық қозғалыстардың ұранына айналған. Ал 1997-2001 жылдары мемлекеттік хатшы болған Мадлен Олбрайт осы қызметке тағайындалған алғашқы әйел атанған.
XS
SM
MD
LG