Accessibility links

Италия премьері елде футбол ойнауды доғара тұруды ұсынды


Италия премьер-министрі Марио Монти.
Италия премьер-министрі Марио Монти.
Италия премьер-министрі Марио Монти соңғы кездердегі коррупциялық жанжалға байланысты елде футбол ойнауды бірнеше жылға доғару керек деген пікір айтты.

Монтидің сөзіне қарағанда, ол мұны жеке азамат ретінде айтып отыр, сондықтан бұл идеяны үкімет тарапынан жасалған ресми ұсыныс деп қабылдауға болмайды.

Дүйсенбіде Италияда келісіп ойналған матчтар ұйымдастырды деген күдікпен 14 адам тұтқындалған болатын. Олардың арасында "Лацио" футбол командасының капитаны Стефано Маури де бар. Осымен өткен жылдан бері осы іс бойынша тұтқындалғандар саны 50-ге жетті.

Басқа бірқатар футболшыларға қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің арасында футболшы Доменико Кришито бар. Оны жанжалға байланысты Еуропа чемпионатына қатысатын Италия құрамасының қатарынан шығарып тастаған болатын.
XS
SM
MD
LG