Accessibility links

Астанада дін жетекшілерінің 4-съезі басталды


Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезі өтіп жатқан бейбітшілік және келісім сарайы. Көрнекі сурет.
Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезі өтіп жатқан бейбітшілік және келісім сарайы. Көрнекі сурет.
Сәрсенбіде Астанадағы бейбітшілік және келісім сарайында әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің 4-съезі басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп ашты. Бұдан ары құрамына 14 адам кірген дін жетекшілері кеңесінің алғашқы жабық отырысы басталды. Дін жетекшілерінің кеңесі 2009 жылы өткен съезде Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен құрылған.

Съезге барлығы 40 елден 87 делегат келген. Съезде талқыланатын басты тақырып - "Адамзат таңдауы - бейбітшілік пен келісім" болмақ.

Съезд қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға съезге қатысуға келген Канаданың бұрынғы премьер-министрі Жан Кретьенді қабылдап, Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кириллмен кездесті.

Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерің съезі Астанада әр үш жыл сайын өтіп тұрады.
XS
SM
MD
LG