Accessibility links

Навальный коррупциямен күрес қоры демеушілерін атады


Алексей Навальный Чистые пруды аймағындағы наразылық акциясына қатысып тұр. Мәскеу, 8 мамыр 2012 жыл.

Алексей Навальный Чистые пруды аймағындағы наразылық акциясына қатысып тұр. Мәскеу, 8 мамыр 2012 жыл.

Ресейлік азаматтық қоғам белсендісі Алексей Навальный өзінің коррупциямен күрес қорына демеушілік танытқандардың аты-жөндерін жариялады.

Азаттық радиосы Орыс қызметінің хабарлауынша, Навальный 11 бизнесмен және бес қоғамдық тұлғамен демеушілік көрсету туралы келісім жасасқан. Олардың арасында "Росгосстрах" компаниясының вице-президенті Роман Борисович, "Альфа-групп" компаниясының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Алексей Савченко, ұлттық резервтік корпорацияның директорлар кеңесінің төрағасы Александр Лебедев бар.

Қазіргі уақытта қорға түскен қаржы 4 жарым миллион рубльге жеткен. Демеушілер жылдың екінші жартысында тағы осындай көлемде қаржы аударуға уәде берген.
XS
SM
MD
LG