Accessibility links

Сотта Орақ Сарбөпеевке сөз берілді


Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев.

Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев.

Ақтауда сәрсенбіде Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевқа қатысты сот отырысы жалғасты.

Соттан хабар таратып жатқан блогшы Дина Байділдаеваның Twitter-дегі жазбаларына қарағанда, бүгінгі отырыста айыпталушы Орақ Сарбөпеев мұнайшылардың мәселесін қозғап жоғары билікке хат жазғанын, бірақ жауап болмағанын және қаржы полициясының куәгерлерге қысым көрсетіп жатқанына сенімді екенін айтқан. Сарбөпеев өзі әкім қызметін атқарған тұста қаланың бюджеті зардап шекпеген деп мәлімдеген.

Ақпан айының басында қаржы полициясы Орақ Сарбөпеев пен қаланың одан бұрынғы әкімі Жалғас Бабахановты "мұнай компанияларының қаланы дамытуға бөлген қаржыларын арнайы қорлар арқылы жымқырған" деген айып тағып, сот шешімімен қамауға алған еді.
XS
SM
MD
LG