Accessibility links

Либерияның экс-президенті 50 жылға сотталды


Либерияның экс-президенті Чарльз Тейлор Гаагадағы халықаралық сотта өзіне шыққан үкімді тыңдап отыр. Гаага, 30 мамыр 2012 жыл.
Либерияның экс-президенті Чарльз Тейлор Гаагадағы халықаралық сотта өзіне шыққан үкімді тыңдап отыр. Гаага, 30 мамыр 2012 жыл.
Гаагадағы халықаралық сот Либерияның экс-президенті 64 жастағы Чарльз Тейлорға әскери қылмыс жасады деген айыппен 50 жыл түрмеде отыру жазасын кесті.

BBC телеарнасының хабарлауынша, сәуірде Сьерра-Леонедегі азаматтық соғыс жөніндегі арнайы сот Тейлорды 11 бап бойынша айыпты деп таныған болатын.

Олардың арасында Тейлор 1991-2002 жылдары он мыңдаған адам құрбан болған азаматтық соғыс кезінде көтерілісшілерді қолдады, кісі өлтіру, зорлау, әскери қызметке балаларды тарту сияқты қылмыстар істеді деген айыптар бар. Прокурорлар Тейлорды 80 жылға соттауды сұраған болатын.

Чарльз Тейлор өзінің кінәсіз екенін және апелляциялық шағым беретінін айтады.
XS
SM
MD
LG