Accessibility links

Италияда зілзала құрбандарының саны 17-ге жетті


Жер сілкінісінен қираған ғимарат. Эмилия Романья аймағы, 29 мамыр 2012 жыл.

Жер сілкінісінен қираған ғимарат. Эмилия Романья аймағы, 29 мамыр 2012 жыл.

Италияда 29 мамырда елдің солтүстік шығыс аймағында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 17-ге жетті.

Жер сілкінген Эмилия Романья аймағында қираған фабрикалар астынан із-түзсіз жоғалған адам табылған. Соңғы мәліметтер бойынша, 350 адам зардап шеккен.
Италия билігінің хабарлауынша, екі жер сілкінісінен 14 мың адам үйлерінен айырылған.

Сейсенбіде эпицентрі Болонье қаласынан 40 шақырым қашықтықта қуаты 5.8 балдық жер сілкініс болған еді. Мұның алдында, 17 мамырда тағы жер сілкініп, біраз тарихи ғимарат бүлінген болатын.
XS
SM
MD
LG