Accessibility links

Ұлыбритания соты: Ассанж Швецияға қайтарылсын


Ұлыбритания туына салынған Ассанждың портреті. Лондон, 30 мамыр 2012 жыл
Ұлыбритания туына салынған Ассанждың портреті. Лондон, 30 мамыр 2012 жыл
Ұлыбританияның жоғары соты WikiLeaks ("Викиликс") порталының негізін қалаушы Джулиан Ассанжды Швецияға экстрадициялау туралы үкім шығарды. Ассанжды швед заң орындары сексуалдық тұрғыда адамды қорлауы мүмкін сезікті деп жариялаған еді.

30 мамыр күні соттағы судьялардың көпшілігі Ассанждың қамауға алынғанын заңды деп шешті. Бұған дейін төмен дәрежелі екі сот та австралиялық азамат экстрадициялансын деген шешім шығарған болатын.

Джулиан Ассанж өзін Ұлыбританияның полициясы 2010 жылғы желтоқсан айында қамауға алғаннан бері Швецияда екі әйелге қорлық көрсетуі мүмкін деген айыпты мойындамай келеді. Ол Швецияға қайтарылған жағдайда АҚШ-тың заң орындарына табыс етілуім мүмкін деп қауіптенеді.

Ассанж құрған WikiLeaks вебсайты 2010 жылы АҚШ дипломаттарының мыңдаған құпия құжаттарын жариялап жіберген еді. Оның жабық ақпаратты жалпыға әшкере қылу әрекетін Вашингтон қатаң түрде айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG