Accessibility links

Тәжікстанда 17 адам терроризмге қатысты сотталды


"Джунд әл-Халифат" ұйымының мүшелері. Көрнекі сурет.
"Джунд әл-Халифат" ұйымының мүшелері. Көрнекі сурет.
Тәжікстанның Худжанд қаласында "Өзбекстан ислам қозғалысы" ұйымына мүше 17 адамның үстінен жүріп жатқан сот процесі аяқталды. Олардың бәріне "тыйым салынған ұйымға мүше болды" деген айып тағылып, алды 23 жылға дейін түрмеде отыру жазасын алды.

Сот айыпталушылардың ұйымға жаңа мүше тартумен айналысқанын, оның ішінде бесеуі Ауғанстан мен Пәкістандағы содырлар даярлайтын лагерьде жаттығудан өткенін айтады. Бірақ айыпталушылардың бәрі бірдей ұйымға мүше болғандарын мойындаған жоқ. Қорғаушылардың айтуынша, тұтқындарға қинау тәсілдері қолданылған.

Тәжістанда сәуірде осы ұйымға қатысы бар деген айыппен 34 адам сотталған болатын.

"Өзбекстан ислам қозғалысы" - Орталық Азия елдерінде террористік деп танылып, тыйым салынған ұйым. Ол Орталық Азияда ислам халифатын құруды көздейді.
XS
SM
MD
LG