Accessibility links

Сириялық дипломат Дамаскімен байланысын үзді


Хулада қаза тапқан адамдардың мәйіттері. Сирия, 26 мамыр 2012 жэыл.

Хулада қаза тапқан адамдардың мәйіттері. Сирия, 26 мамыр 2012 жэыл.

АҚШ-та қызмет істейтін сириялық жоғары шенді дипломат Хазем Шехаби бұдан былай Сирия билігімен байланыс орнатқысы келмейтінін хабарлады.

Дипломаттың сөзіне қарағанда, ол бұл шешімін өткен аптада Хула қаласында бейбіт тұрғындарды жаппай қырылуына наарзылық ретінде қабылдаған. Шахеби бұдан ары төзуге және үнсіз қалуға болмайтынын айтады.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Хазем Шехаби президент Башар әл-Асадпен және оның айналасындағылармен байланысын үзген АҚШ-тағы алғашқы дипломат.

Хула қаласында өткен жұма күні 108 адамның қырғынға ұшырауын әлем елдерінің көпшілігі қатаң айыптаған. Соңғы болып Иран президенті Махмуд Ахмединежад та оқиғаға жауаптылар жазалануы керек деп мәлімдеді. Бірқатар батыс мемлекеттері сириялық дипломаттарды елден шығарды.

1 маусымда Сириядағы соңғы жағдайларға байланысты БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңесі арнайы отырысын өткізеді.
XS
SM
MD
LG