Accessibility links

Сейсмолог: Қазақстанда 2012 жылы күшті жер сілкінісі болмайды


Көктөбе. Көрнекі сурет.

Көктөбе. Көрнекі сурет.

Білім және ғылым министрлігі сейсмология институтының директоры Таңатқан Абақанов Алматы облысында 31 мамырға қараған түні болған жер сілкінісіне орай баспасөз жиынын өткізді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Абақановтың айтуынша, жер сілкінісі Алматыдан 150 шақырым жердегі Көкпек жазығында, қуаты 6-7 балл шамасында болған. Ол: "Биыл қуаты 7 балдан асатын күшті жер сілкінісі болмайды деген болжамымыз бар. Біз бұл сұрақты апта сайын талқылап отырамыз" деді.

Мамырдың 30-ынан 31-іне ауған түні Астана уақытымен сағат 3:20 шамасында Алматы маңында жер сілкінген еді. Зілзала әсері Алматы қаласында да сезілген.

Америка геологиялық қызметінің хабарлауы бойынша, жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан шығысқа қарай 148 шақырым жерде болған. Онда 5,7 магнитуда шамасында жер сілкінген.
XS
SM
MD
LG