Accessibility links

Қырғызстанда оппозициялық газеттің иесі тұтқындалды


Қырғызстанда оппозициялық "Майдан.kg" газетінің иесі Нұрғазы Анарқұлов тұтқындалды.

Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Анарқұлов сәрсенбіде жергілікті бір азаматтың өзіне жазған шағымына байланысты тұтқындалған. Газеттің бас редакторы Гүлзада Тұрдалиева ресми орындар Анарқұловтың туыстары мен әріптестеріне оның не үшін тұтқындалғанын хабарламағанын айтады.

Ол: "Газет соңғы уақыттары президент Алмазбек Атамбаев пен басқа да шенеуніктерді сынаған бірнеше мақала жазған еді. Бірақ Нұрғазы Анарқұловтың нақты осыған, я басқа себеппен байланысты тұтқындалғаны белгісіз.

Адам құқықтарын қорғау ұйымдары Қырғызстанда Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда сөз бостандығы біршама еркін деп санайтын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG