Accessibility links

Путин: Ресей Беларуське қолдау көрсетеді


Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин бейсенбіде Беларуське жасаған сапарында Еуропа Одағының Минскіге "адам құқықтарын бұзып отыр" деп енгізген санкцияларынан көрген зардабымен күресу үшін қолдау көрсетіп, несие беретінін мәлімдеді.

Владимир Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесіп, бірлескен мәлімдеме жасады. Онда "Ресей мен Беларусь одақтас елдер (Кеден Одағы) мен Біртұтас экономикалық кеңістікке кіретін мемлекеттердің ішкі ісіне араласу әрекеттері мен санкцияларына бірлесе қарсы тұрады" делінген.

Путин бұған қоса Ресейдің жақында Беларуське 440 миллион АҚШ доллары көлемінде несие беретінін айтты.

Ресей делегациясының құрамында Минскіге барған "Росатом" мекемесінің басшысы Сергей Кириенко Беларусьте атом электр станциясының құрылысын қаржыландыру жайында келіссөздер аяқталып, жобаның басталатынын хабарлады.
XS
SM
MD
LG