Accessibility links

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды


Мектеп бітіруші түлектер. Алматы, 25 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Мектеп бітіруші түлектер. Алматы, 25 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

1 маусымда мектеп бітірушілер үшін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сынағы басталды.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл 121 мыңға тарта түлек тест тапсыруға өтініш берген.

Биылғы ҰБТ 1 маусым мен 15 маусым аралығында, республика бойынша 154 пунктте өтеді. Ереже бойынша, білім гранттары мен ақылы негізде оқуға түсу үшін талапкер 50 балдан, ал ұлттық университеттерге түсу үшін 70 балдан кем жинамау керек.

ҰБТ-дан Назарбаев интеллектуалдық мектебі мен халықаралық мектептердің түлектері, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми байқаулардың жеңімпаздары босатылады.
XS
SM
MD
LG