Accessibility links

Қазақ-қытай шекарасынан тағы 2 шекарашының мәйіті табылды


Қазақстан мен Қытай шекарасындағы темір торлы бағандар. (Көрнекі сурет)

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы темір торлы бағандар. (Көрнекі сурет)

Алматы облысы "Шығыс" аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының "Арқанкерген" шекара бекетінен тағы екі шекарашының мәйіті табылды деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) шекара қызметі.

"Бұған дейін шекарашылар қаза болған бекеттен тағы екі адамның денесі табылды. Қаза болған әскерилер саны осымен 14-ке жетті" дейді баспасөз қызметі.

Қаза тапқан сарбаздардың кеше табылған денелері Астанаға генетикалық сараптама жасатуға жіберілген. Тергеу тобы оқиғаның қалай болғаны туралы түрлі болжамдарды тексеріп жатыр.

Мамырдың 30-ы күні "Шығыс" аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының "Сарыбөктер" заставасында 12 шекарашы және бір қорықшы - барлығы 13 адамның мәйіті табылған. ҰҚК шекара қызметінің мәліметіне қарағанда, заставадағы "Арқанкерген" постының ғимараты өртенген.
XS
SM
MD
LG