Accessibility links

Жоғарғы соттың экс-судьяларына сот үкімі шықты


Қазақстан жоғарғы сотының ғимараты.
Қазақстан жоғарғы сотының ғимараты.
Жұма күні Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында алқа билер соты Қазақстанның жоғарғы сотының бұрынғы судьяларына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

Сот коррупциялық қылмыс жасады деген айыппен бұрынғы судьялар Сайлаубек Жәкішевті 12 жыл, Алмас Тәшеновті 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Өткен жылдың сәуір айында парламент сенаты президенттің ұсынысымен жоғарғы соттың алты судьясы- Мәрзия Балтабай, Марклен Қамназаров, Бақытжан Жақыпов, Мақсұт Әбілқайыр, Алмас Тәшенов пен Сайлаубек Тәшеновті қаржы полициясы коррупциялық қылмысқа қатысы бар деп айыптаған соң қызметтен босатқан.

Қалған төрт судья бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетіне коррупциялық қылмыс жасағандар ретінде есепке алынды.
XS
SM
MD
LG