Accessibility links

БҰҰ: Хула қырғыны халықаралық деңгейде тексерілсін


БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетінің басшысы Нави Пиллэй

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетінің басшысы Нави Пиллэй

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетінің басшысы Нави Пиллэй Сирияның Хула қаласында 108 бейбіт тұрғынның қырғынға ұшырау оқиғасын халықаралық деңгейде тексеруге шақырды.

Женевада БҰҰ-ның адам құқықтарына қатысты отырысында сөйлеген Пиллэй Хуладағы қырғынды адамзатқа қарсы қылмыс деп бағалау керегін және оған кінәлілердің барлығы жауапқа тартылуы тиісті екенін айтты.

25 мамырда Хула қаласында бір ауданда ауыр артиллериядан соққы жасалып, 108 адам қаза тапқан еді. Құрбан болғандардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Сирия оппозициясы мен халықаралық бақылаушылар және батыс елдері қырғынға Сирия билігін айыптаса, ресми Дамаск кінәні оппозицияға артады.

Башар Асад режиміне қарсы топ өкілдері жұма күні Хомс провинциясында үкімет әскерінің зауыттың 15 жұмысшысын өлтіргенін айтады.
XS
SM
MD
LG