Accessibility links

Назарбаев шекарадағы оқиғаны «террористік акт» деді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 29 мамыр 2012 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 29 мамыр 2012 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Шығыс" аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының "Сарыбөктер" заставасынан 14 шекарашы және бір қорықшы - жалпы 15 адамның өртенген мәйіті табылғанына байланысты бүгін мәлімдеме жасады.

- Мен бұл оқиғаны террористік акті деп есептеймін. Бұл ішкі қақтығыстың нәтижесінде болуы мүмкін. Бірақ бұл туралы айтуға әлі ерте, - деді Қазақстан президенті, Akorda.kz сайтының хабарлауынша.

Президент Назарбаев "мұндай оқиғалар бейбітшілік жағдайында болудың мән-жайы неде екені" әлі тексерілетінін айтты.

Мамырдың 30-ы күні "Шығыс" аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының "Сарыбөктер" заставасынан 12 шекарашы мен бір қорықшының, маусымның 1-і күні тағы екі шекарашының мәйіті табылған еді.

Қазір бұл оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды, бас әскери прокуратура қылмыстық іс қозғады.
XS
SM
MD
LG