Accessibility links

Египетте Хосни Мүбәрәкке үкім шығады


Хосни Мүбәрәк сот залына зембілмен жеткізілді. Каир, 5 қаңтар 2012 жыл.
Хосни Мүбәрәк сот залына зембілмен жеткізілді. Каир, 5 қаңтар 2012 жыл.
Египет соты сенбіде бұрынғы президент Хосни Мүбәрәкке қатысты сот үкімін шығарады.

Хосни Мүбәрәкпен бірге жоғары лауазым иеленген жеті шенеунік 2011 жылы "Араб көктемінде" үкіметке қарсы халық толқуларда қаза тапқан 850 адамның өліміне кінәлі деп айыпталып отыр. Ол толқулардың нәтижесінде Хосни Мүбәрәк биліктен кеткен еді. Египет заңдары бойынша, мұндай қылмыстарға өлім жазасы кесіледі.

Бұдан өзге экс-президенттің екі ұлы - Алаа Мүбәрәк пен Гамаль Мүбәрәкке де коррупциялық қылмыс жасады деген айып тағылған.

Каирдегі сот отырысы болатын полиция академиясы орналасқан ауданда 5 мыңға тарта полиция мен 2 мың сарбаз қауіпсіздікті бақылап тұр.
XS
SM
MD
LG