Accessibility links

Жүздеген египеттік Мүбәрәктің жазасына наразы


Тахрир алаңындағы наразы жұрт. Каир, 2 маусым 2012 жыл.

Тахрир алаңындағы наразы жұрт. Каир, 2 маусым 2012 жыл.

Жүздеген египеттік 3 маусым күні Каирдің Тахрир алаңына қайта жиналып, бір күн бұрын елдің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәк пен оның қауіпсіздік қызметін басқарған тұлғалар кесілген жазаларға қатысты наразылық білдіріп тұр. Олар сот үкімін тым жұмсақ деп санайды.

Демонстранттардың біразы өткен түні алаңға шатыр тігіп түнеп шыққан. Тахрир алаңы 2011 жылы басталған Мүбәрәкке қарсы толқулардың орталығына айналған еді.

Сенбі, 2 маусым күні Каир соты Мүбәрәкке жаза кескен уақытта 20 мыңға тарта адам Тахрир алаңына шыққан. 84 жасар Хосни Мүбәрәк пен оның кезінде ішкі істер министрі болған Хабиб әл-Адли өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген еді. Олар былтырғы толқу кезінде полиция мен арнайы әскер қолынан қаза тапқан 800-ден астам адамның өліміне жауапты деп танылған. Сенбі күнгі сот үкімі бойынша қауіпсіздік қызметінің 6 жоғары лауазымды қызметкері ақталып кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG