Accessibility links

Фидель Кастроның орнын басқан "жас інісі" Рауль 81-ге толды


Куба президенті Рауль Кастро (оң жақта) Рим папасы Бенедикт 16-шыны қарсы алып тұр. 26 наурыз 2012 жыл

Куба президенті Рауль Кастро (оң жақта) Рим папасы Бенедикт 16-шыны қарсы алып тұр. 26 наурыз 2012 жыл

Бүгін Куба президенті Рауль Кастро 81 жасқа толды. Ақпарат агенттіктері Кубада бұған байланысты қандай да бір ресми іс-шара өтіп жатқаны туралы ештеңе жазған жоқ.

Рауль Кастроның туған күні бұл елдің саяси жетекшілерінің орташа жасынан хабар береді. Мысалы, елдегі екінші ықпалды саясаткер Хосе Рамон Мачадо Вентура 81-де. Ал үкіметтегі үшінші адам Рамиро Вальдес - 80 жаста. Раульдің ағасы - Фидель Кастро биыл тамызда 86-ға толады.
XS
SM
MD
LG