Accessibility links

ҰҚК: өлген шекарашылар алкоголь ішпеген


Қазақстан мен Қытай шекарасы

Қазақстан мен Қытай шекарасы

"Арқанкерген" шекара постында жұмбақ жағдайда өлі күйінде табылған шекарашылардың мәйітіне жасалған сараптау қорытындысы жариялана бастады. 3 маусым күні ҰҚК шекара қызметі қаза тапқан шекарашылар мен қорықшының "сүйектерінен алкоголь табылған жоқ" деп мәлімдеген. Бұл туралы "Қазақпарат" агенттігі хабар таратты.

Мекеме мұндай мәлімдемені Астанада жасалған сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін жариялап отыр.

Тағы бір қаза тапқан шекарашының мүрдесі постан жүз метр қашықтықта табылған.

ҰҚК 30 мамыр күні "Шығыс" аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының "Сары бөктер" заставасында 12 шекарашының, бір қорықшының мәйіті табылғанын және заставадағы "Арқанкерген" посты өртенгенін хабарлаған еді. 1 маусым күні 14 шекарашы мен бір қорықшы өлгені анықталған.
XS
SM
MD
LG