Accessibility links

Нигерияда ұшақ апатқа ұшырап, 153 адам қаза тапты


Апатқа ұшыраған ұшақтың қалдықтары. Лагос, Нигерия, 3 маусым 2012 жыл.

Апатқа ұшыраған ұшақтың қалдықтары. Лагос, Нигерия, 3 маусым 2012 жыл.

Жексенбіде Нигерияда Лагос қаласының әуежайына жақын маңда ұшақ апатқа ұшырап, 153 жолаушы түгел қаза тапты.

Нигерия үкіметінің хабарлауынша, Dana Air әуе компаниясына тиесілі ұшақ тұрғын үйлер орналасқан ауданға құлаған. Құтқару қызметі тұрғындар арасында да қаза тапқандар бар екенін айтады. Бірақ олардың нақты саны әзірге белгісіз.

Апаттың неден болғаны анықталып жатыр. Associated Press агенттігінің мәліметіне қарағанда, Африка елдерінің көпшілігімен салыстырғанда, Нигерияда әуе транспортының қауіпсіздігі жоғары.
XS
SM
MD
LG