Accessibility links

Пхеньян Оңтүстік Корея БАҚ-тарына доқ көрсетті


Пхеньянда Кумсусан сарайының алдында тұрған сап түзеп тұрған әскерилер. 16 ақпан 2012 жыл.

Пхеньянда Кумсусан сарайының алдында тұрған сап түзеп тұрған әскерилер. 16 ақпан 2012 жыл.

Солтүстік Корея Пхеньянда өткен балалар мерекесін сынаған оңтүстік кореялық ақпарат құралдарының кеңселерін жаратынын мәлімдеді.

Корей халықтық армиясының бас штабы бұл туралы таратқан мәлімдемесінде зымырандардың Сеулдегі ақпарат құралдарының кеңселері орналасқан ғимараттарға бағытталып тұрғанын айтады. Әскерилер бұл хабарлардың тапсырыспен жасалғанын айтып, шабуылды болдырмас үшін Оңтүстік Корея президенті Ли Мен Бактың кешірім сұрауын талап етеді.

Әскерилер оңтүстік кореялық ақпарат құралдарын Пхеньянда Корей балалар одағының құрылғанына 66 жыл толуына орай 20 мың бала қатысқан мерекелік шараны "теріс жағынан көрсеткен" деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG