Accessibility links

Санкт-Петербургте Ресей-Еуропа Одағы саммиті басталды


Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозо (сол жақта), Владимир Путин (ортада), Еуропалық кеңестің президенті Херман Ван Ромпей саммитте.Санкт-Петербург, 4 маусым 2012 жыл.

Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозо (сол жақта), Владимир Путин (ортада), Еуропалық кеңестің президенті Херман Ван Ромпей саммитте.Санкт-Петербург, 4 маусым 2012 жыл.

Санкт-Петербургте Ресей мен Еуропа Одағы басшыларының бірлескен 29-саммиті басталды.

Саммиттің ашылуында сөйлеген Ресей президенті Владимир Путин "Виза кедергісі жойылмайынша, Ресей мен Еуропа Одағының арасында шынайы әріптестік орнамайды" деп, баяндамасының басым бөлігін виза тақырыбына арнады.

Саммитте энергетика саласы, экономикалық ынтымақтастық, оның ішінде Еуроаймақ пен Еуразия кеңістігіндегі жағдайлар да талқыланбақ.

Сириядағы қақтығыс пен Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселелер де күн тәртібінде тұр.
XS
SM
MD
LG