Accessibility links

Қаза тапқан шекарашыларды аза тұту күні жарияланды


Алматы облысының Үшарал қаласындағы ҰҚК шекара заставасы. 31 мамыр 2012 жыл.

Алматы облысының Үшарал қаласындағы ҰҚК шекара заставасы. 31 мамыр 2012 жыл.

5 маусым Қазақстанда Алматы облысының "Арқанкерген" шекара постында қаза тапқан шекарашыларды ұлттық аза тұту күні болып жарияланды деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнайы өкім шығарған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 30 мамыр күні "Шығыс" аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының "Сары бөктер" заставасында 12 шекарашының, бір қорықшының мәйіті табылғанын және заставадағы "Арқанкерген" посты өртенгенін хабарлаған еді. 1 маусымда 14 шекарашы мен бір қорықшы өлгені анықталған.

Назарбаев 1 маусым күні осыған орай мәлімдеме жасап "Мен бұл оқиғаны террористік акті деп есептеймін. Бұл ішкі қақтығыстың нәтижесінде болуы мүмкін. Бірақ бұл туралы айтуға әлі ерте" деген болатын.
XS
SM
MD
LG