Accessibility links

Каддафи режиміне жалданды деген шетелдіктер сотталды


Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафи.

Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафи.

Триполидің әскери соты дүйсенбіде Украина, Беларусь және Ресейдің 23 азаматына бұрынғы Ливия президенті Муаммар Каддафиге жалданды деген айып тағып, соттады.

Украинаның 19 азаматы мен беларусьтік екі азамат тоғыз жылға бас бостандығынан айырылса, топтың үйлестірушісі болды делінген Ресей азаматы өмір бойына сотталды.

Сотталушылар өз кінәларын мойындаған жоқ. Олар Ливияның мұнай секторында жұмыс істегендерін және азаматтық соғысқа ешқандай қатысы жоқ екендерін айтады. Сотқа қатысқан Украина мен Беларусь елшілері үкімге шағым берілетінін айтты.

Әскери прокурорлардың дерегі бойынша, сотталушылар көтерілісшілердің Каддафи режиміне қарсы көтерілісі кезінде НАТО ұшақтарына қарсы пайдаланылған "жер-әуе" зымыран қондырғысын орнатып берген.
XS
SM
MD
LG