Accessibility links

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алғандарға айыппұл салынды


"Аман саулық" қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова акцияда сөз сөйлеп тұр. Алматы, 31 мамыр 2012 жыл.

"Аман саулық" қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова акцияда сөз сөйлеп тұр. Алматы, 31 мамыр 2012 жыл.

Алматының әкімшілік соты дүйсенбіде 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу акциясын өткізген "Аман саулық" қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменоваға айыппұл салды.

Тіркелмеген "Алға" партиясының белсендісі Кенже Әденов Азаттық тілшісіне Түменова сот әкімшілік кодекстің 373-бабы, 3-тармағы бойынша "заңсыз митингі өткізді" деп айыптап, 50 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 550 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салған. Ал сол акцияда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазылған ашық хатты оқыған белсенді Әділжан Кенжеғалиевке "заңсыз митингіге қатысты" деген айып тағылып, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (шамамен 200 АҚШ доллары) айыппұл салынған.

31 мамырда бірқатар оппозиция өкілдері мен қоғамдық ұйымдар жетекшілері 1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу акциясын өткізген. Жиналғандар Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жолдап, Жаңаөзен оқиғасына қатысты сотты тоқтатуды және айыпталушыларға тағылған айыптарды алып тастауды талап етті.
XS
SM
MD
LG