Accessibility links

Шекарашылардың қай өңірлерден шақырылғаны анықталды


Алматы облысының Үшарал қаласындағы ҰҚК шекара заставасы. 31 мамыр 2012 жыл.

Алматы облысының Үшарал қаласындағы ҰҚК шекара заставасы. 31 мамыр 2012 жыл.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Алматы облысындағы Арқанкерген шекара постында қаза тапқан шекарашылар республиканың қай өңірлерінен келгені туралы ақпарат таратты.

Министрліктің мұрағат және ақпарат комитеті таратқан хабарламада шекарашылардың төртеуі - Атырау облысынан, үшеуі - Алматы облысынан, екеуі - Қарағанды облысынан, екеуі - Жамбыл облысынан, біреуі - Павлодар және біреуі Батыс Қазақстан облысынан шақырылған азаматтар екені айтылады.

Мамырдың 30-ы күні "Шығыс" аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының Сарыбөктер заставасында 12 шекарашы және бір қорықшы, ал 1 маусымда тағы екі шекарашының - барлығы 15 адамның мәйіті табылған. ҰҚК шекара қызметінің мәліметіне қарағанда, заставадағы Арқанкерген постының ғимараты өртенген.
XS
SM
MD
LG