Accessibility links

Саят Ыбырайды Семейге колонияға әкетті


Техника ғылымдарының докторы Саят Ыбырай.

Техника ғылымдарының докторы Саят Ыбырай.

"Сопылық ағым өкілдеріне қатысты қылмыстық іс бойынша 12 жылға сотталған техника ғылымдарының докторы Саят Ыбырайды Семейге қатаң режимдегі колонияға алып кетті. Бұл туралы Азаттық тілшісіне оның қорғаушысы Абзал Құспанов хабарлады.

Құспановтың айтуынша, Саят Ыбырайды колонияға 4 маусымда әкеткен. Бірақ нақты қай колонияға жібергені әзірге белгісіз.

Мамырдың басында Алматы қалалық соты сопылық ағымның 9 өкіліне қатысты 2011 жылы қазан айында шыққан сот үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарған.

Абзал Құспанов қорғаушылардың енді жоғарғы сотқа жүгінетінін айтады.
XS
SM
MD
LG