Accessibility links

Министрлік: "Диктаторға" тыйым салынған жоқ


Арман кинотеатрның алдына ілінген "Диктатор" фильмінің плакаты. Алматы, 24 мамыр 2012 жыл.
Арман кинотеатрның алдына ілінген "Диктатор" фильмінің плакаты. Алматы, 24 мамыр 2012 жыл.
Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі Саша Барон Коэннің "Диктатор" фильмін көрсетуге тыйым салған жоқ деп хабарлайды министрліктің мәдениет комитетінің төрағасы Тілеуғали Қышқашбаевқа сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Комитет төрағасының түсіндіруіне қарағанда, фильм Қазақстан заңдарына сай жалға алынған. "Жалға алу мерзімінің не үшін аяқталғаны жайлы ақпарат жоқ" дейді ол.

«Диктатор» комедиясында Саша Коэн мемлекетті авторитарлық тәсілдермен билейтін генерал Алладин арқылы әлемдегі бірнеше диктатордың жиынтық образдарын сомдаған.

Азаттық радиосы 17 мамырдан бері көрсетіліп келген "Диктатор" фильмін маусымның басынан Алматы, Астанадан бастап барлық қалалардың кинотеатрлары кестелерінен алып тастағаны туралы хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG