Accessibility links

НАТО Ауғанстандағы әскерін Орталық Азия арқылы шығармақ


НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен.

НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен.

НАТО халықаралық коалиция әскері Ауғанстаннан шығарылған жағдайда әскери және басқа да техникаларды тасымалдау туралы Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен келісім жасасты. Келісім-шарттарға Брюссельде қол қойылды.

НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің айтуынша, келісімдер Ауғанстаннан 2014 жылдың соңына дейін әскерін шығаратын альянс үшін "жаңа мүмкіндіктерге" жол ашады. "Мысалы, Пәкістанның орнына осы елдер арқылы жүк тасымалдауға болады" дейді ол.

Вашингтон мен Исламабадтың арасы соңғы кездері АҚШ пилотсыз ұшақтары Пәкістан аумағын бірнеше рет қателесіп шабуылдаған соң шиеленісіп кеткен еді.
XS
SM
MD
LG