Accessibility links

Сирия Батыс елшілерін елден шығарады


Сирия билігі сейсенбіде бірқатар Батыс мемлекеттерінің елшілерін "ұнамсыз тұлғалар" деп атап, елден шығаратынын мәлімдеді.

Бұған дейін Хула қаласында 108 адам құрбан оқиғаға АҚШ пен оның одақтастары Дамаскіні айыптап, өз елдеріндегі Сирия елшілері мен дипломаттарын шығарған болатын.

Сирияда үкімет әскері мен көтерілісшілер арасында қарулы қақтығыстар әлі жүріп жатыр. Дүйсенбіде "Сирия ерікті армиясы" деп аталатын көтерілісшілер тобы Кофи Аннанның қақтығысты реттеу туралы жоспарын бұдан былай орындамайтынын мәлімдеді. "Оған себеп - бейбіт жоспарды үкімет әскері орындамай отыр" дейді көтерілісшілер.

Бейсенбі, 7 маусымда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сириядағы соңғы жағдайларды жабық түрде талқылайды.
XS
SM
MD
LG