Accessibility links

Аман қалған шекарашының аты-жөні белгілі


Қазақ-қытай шекарасы. (Көрнекі сурет)

Қазақ-қытай шекарасы. (Көрнекі сурет)

Алматы облысындағы Арқанкерген постына аттанған 15 шекарашыдан аман қалған жалғыз сарбаз - әскерге Қарағанда облысынан шақырылған 19 жастағы Владислав Челах деп хабарлады КазТАГ.

Агенттіктің жазуынша, Владислав Челахтың ата-анасына құқық қорғау орындары өкілдері барып, ұлдарының тірі қалғанын, бүгін ұсталғанын хабарлаған.

Владислав Челах 1992 жылы 8 қазанда Қарағанды облысында туған. 2009 жылы Қарағанды қаласындағы №54 орта мектептің 9-сыныбын бітірген. №21 кәсіптік лицейге түсіп, ол оқу орнынан "машинистің үшінші дәрежелі көмекшісі" мамандығын алып шыққан. 2011 жылы 23 қараша әскер қатарына шақырылған.

Бұған дейін ақпарат құралдары 15 әскердің арасынан тірі қалған сарбаздың 4 маусымда "постқа өзі келгенін, қолында пистолеті болғанын, психикасы бұзылған болуы да мүмкін екенін, дұрыстап сөйлей алмайтынын" хабарлаған еді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мамырдың 30-ында «Шығыс» аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының Сарыбөктер заставасында 12 шекарашы мен бір қорықшының мәйіті табылғанын, Арқанкерген посты өртенгенін хабарлаған еді. Маусымның 1-інде, тағы екі сарбаздың сүйегі табылған соң, барлығы 14 шекарашы мен бір қорықшы өлгені анықталған.
XS
SM
MD
LG