Accessibility links

"Әл-Қаиданың" екінші басшысы қаза тапты


"Әл-Қаида" жетекшілерінің бірі Әбу Яхия әл-Либи.

"Әл-Қаида" жетекшілерінің бірі Әбу Яхия әл-Либи.

АҚШ "Әл-Қаида" ұйымындағы ықпалы мен шені жөнінен екінші орында тұрған Әбу Яхия әл-Либидің қаза тапқанын растады.

Ақ үй өкілі Джей Карней әл-Либидің өлімін халықаралық террористік ұйымға берілген "үлкен соққы" деп атады, бірақ оның қалай қаза тапқаны жайлы егжей-тегжейлі ештеңе айтпады.

Мұның алдында Ақ үйдегі дереккөздер ақпарат құралдарына дүйсенбіде Пәкістанда АҚШ-тың пилотсыз ұшақтарының шабуылы кезінде "Әл-Қаида" сарбазы өлтірілгенін хабарлаған еді.

Карнейдің сөзіне қарағанда, әл-Либи "Әл-Қаиданың" басты менеджері болған және оның қазасы террористерге орны толмас үлкен зардап келтіреді.

АҚШ Усама бен Ладенге қарсы операция бастаған 2011 жылдан бері "Әл-Қаиданың" оннан астам жетекшісі қаза тапты.
XS
SM
MD
LG