Accessibility links

Сирия елге гуманитарлық ұйымдарды кіргізеді


Хула қаласында қаза тапқан адамдардың денелері. Хула, 26 мамыр 2012 жыл.

Хула қаласында қаза тапқан адамдардың денелері. Хула, 26 мамыр 2012 жыл.

Сирия үкіметі БҰҰ-ның 17 агенттігі мен үкіметтік емес ұйымдарға елде жұмыс істеуге рұқсат берді. Мұның алдында Сириядан АҚШ пен Еуропа елдерінің 17 дипломаты шығарылды.

Ал Пекинде Қытай мен Ресей басшылары Владимир Путин мен Ху Цзинтао халықаралық қауымдастықты БҰҰ-ның арнайы өкілі Кофи Аннанның қақтығысты реттеу жоспарын қолдауға шақырған мәлімдеме жасады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше бұл екі ел бұған дейін Батыс елдерінің Башар Асад режиміне қатаң шаралар қолдануына қарсы болып келген.

Өткен аптада АҚШ пен бірқатар Еуропа елдері Хулада 108 адам құрбан болған қырғынға Дамаскіні айыптап, Сирия дипломаттарын елден шығарды.

Соңғы деректер бойынша, Латакия қаласында көтерілісшілермен қақтығыста үкімет әскерінің 15 сарбазы қаза тапты.
XS
SM
MD
LG