Accessibility links

TI: Коррупция ЕО тұрақтылығына қауіп төндіреді


Transparency International ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).

Transparency International ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).

Халықаралық Transparency International ұйымы Еуропа Одағына (ЕО) мүше бірде-бір мемлекет 2011 жылы коррупциямен өзгелерге үлгі боларлықтай күресе алмады деп мәлімдеді.

Сәрсенбіде жариялаған зерттеу қорытындысында ұйым ЕО-ның барлық елінде өткен жылы коррупцияға байланысты қаржылық және саяси жанжалдар болғанын айтады. Қоғамда да коррупцияның күшейіп келе жатқаны туралы пікірлер қалыптаса бастаған.

Transparency International "ЕО-ның бірқатар елінде билік органдарының қызметі әлі де айқын емес. Билік институттары мен бизнестің ымыраласуы Еуропаның экономикалық тұрақтылығына нұқсан келтіреді" деп ескертеді.

Ұйым Грекия, Италия, Португалия және Испания сияқты елдердегі коррупцияның жай-күйіне ерекше алаңдаушылық білдіреді.
XS
SM
MD
LG