Accessibility links

Қандағарда жарылыстан 20 адам қаза тапты


Ауғанстанның Спин Болдак қаласында болған жарылыс. 7 наурыз 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Ауғанстанның Спин Болдак қаласында болған жарылыс. 7 наурыз 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар қаласында жанкешті жарылыс жасап, соның салдарынан 20 адам қаза тапты. Ондаған адам жараланды.

Қандағар уәлаяты полициясы басшысының айтуынша, жанкешті автотұрақта мотоцикльмен келіп, өзін-өзі жарып жіберген. Автотұрақта НАТО-ның Қандағар түбіндегі әуе базасына қызмет көрсететін ондаған жүк көліктері тұрған. Хабарларға қарағанда, құрбан болғандардың барлығы - бейбіт тұрғындар.
XS
SM
MD
LG