Accessibility links

Жаңаөзендік сотталушының туысы 5 күнге қамалды


Судья Аралбай Нағашыбаев үкімді оқып тұр. Ақтау, 4 маусым 2012 жыл.
Судья Аралбай Нағашыбаев үкімді оқып тұр. Ақтау, 4 маусым 2012 жыл.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша 6 жылға сотталған Мұрат Қосбармақовтың туысы Нұраддин Беденов сот үкімін оқыған "судьяға бөтелке лақтырды" деп айыпталып, 5 тәулікке қамалды.

Бұл туралы Азаттық тілшісіне Мұрат Қосбармақовтың әйелі Айнұр Төлепова хабарлады. Оның айтуынша, полиция Беденовті 5 маусымда - Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот үкімі шыққан күннің ертеңінде қамаған.

"Ол қазір Ақтаудағы абақтыда қамауда отыр" дейді Төлепова.

4 маусымда Жаңаөзен оқиғасы бойынша айыпталған 37 адамға үкім оқылып жатқанда үкімге наразы болған залдағы жұрт судья Аралбай Нағашыбаевқа әртүрлі заттар лақтырып, оны залдан қуып шыққан.
XS
SM
MD
LG