Accessibility links

ҰҚК өкілі: Қоғамға позитивті ақпарат керек


Қазақстан қоғамында халықты әлеуметтік пессимизмге ұшырататын коммуникациялық бағдарламалар жетерлік" деп мәлімдеді сәрсенбіде Ұлттық қауіпсіздік қызметі ғылыми зерттеу институтының директоры Қайрат Шегіров Алматыда өткен "Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің өзекті мәселелері" атты конференцияда.

"Интерфакс-Қазақстан агенттігінің хабарлауына қарағанда, Шегіров қазір қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарында "позитивті бағдарламаларға деген сұраныс артып келе жатқанын" айтқан.

- Қоғамды біріктіретін позитивті бұқаралық бағдарламалар жасауға қызығушылық туып келеді. Теледидардан тек сыни дүниелерді көрген соң адамда апатия сезімі пайда болып, тұйыққа тірелгендей болады, - деді Қайрат Шегіров.
XS
SM
MD
LG