Accessibility links

Сарбөпеевтің соты 19 маусымда қайта басталады


Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев.

Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев.

Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевке қатысты сот 19 маусымда қайта басталады.

Сотқа қатысып жатқан алматылық журналистің Азаттық тілшісіне хабарлауынша, сәрсенбіде түске дейін болған отырысы жабық түрде өткен. Түстен кейін қайта басталған отырыста судья Руслан Тасмамбетов 12 алқа биді түгел ауыстыру және сотты 19 маусымда қайта бастау туралы шешімді оқыған.

Сейсенбі, 5 маусымда сот Орақ Сарбөпеевке үкім шығаруы тиіс болатын. Бірақ прокурор «кейбір алқа би мүшелерінің әрекеті күмәнді көрінгенін» айтып, соттан алқа билер құрамын ауыстыруды талап еткен.

Биыл ақпан айында қаржы полициясы Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімдері Жалғас Бабаханов пен Орақ Сарбөпеевке «188 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлады» деп айып таққан еді.

Сот отырыстары Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті.
XS
SM
MD
LG